Семинар сабақтың мақсаты: STEAM технологиясы туралы ақпарат бере отырып, студенттердің сыни ойлауын және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту. STEAM технологиясы арқылы метапәндік проблемаларды және технологиялық перспективаларды шешуді және ынталандыруды қамтамасыз ету.
Семинар барысында “Ерекше сурет салу” әдісі қолданылды. Әдіс STEAM технологиясының ерекшеліктерін көрсетуге бағытталды. Бұл әдістің басты өзектілігі майшам арқылы таза ақ қағазға жазылған жазуды сырлы бояу арқылы бояп көрсету болып табылады
Сонымен қатар топтар тәжірибелік тапсырмалар орындады: “Ньютон сұйықтығы “ тәжірибесінде крахмал мен су арқылы көптеген қорғаныш қаптарын жасауға болатынын дәлелдесе, Голограмма арқылы 3D бейнені жасады. Бұл тапсырманы орындау үшін небәрі түссіз пластмассаны және клей мен планшетті қолданды.
Технологияның өзектілігін арттырған тапсырманың бірі қамал құру тапсырмасы болды. Бұл тапсырмада студенттеріміз сол мезетте қолда бар спагетти,пастилка мен скотч арқылы белгіленген уақыт ішінде ауыр заттарды көтере алатын қамал құрастырды.
Көрермендермен STEAM технологиясына қатысты фокустар және ойындар өткізілді.
Семинар соңында топпен “үш М” арқылы рефлексия орнатылса, көрермендермен кері байланыс орнату үшін “STEAM” сөзінің аббревиатурасына стикерге жазылған пікірлер ілінді.
Қазіргі уақытта STEAM бағытының негізгі субъектілерін зерттеуге заманауи көзқарас басқаша көрінеді, яғни заманауи ақпараттық қоғам, математика, физика, химия, биология және инжиниринг (программалық қамтамасыз ету, молекулярлық-генетикалық инженерия, инженерлік техника және т.б.) бойынша қол жетімді және ықтимал ғылыми зерттеулерді интеграциялауға көмек береді.