Жұма, 11 Қаңтар 2019 07:07

Ардагер ұстаз Қайырғали Қожанбаевпен кездесу

2018 жылдың 20 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның «Құрметті профессоры» Қайырғали Үсенғалиұлы Қожанбаевтың 80 жасқа толуына орай кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің мақсаты - студенттерді ардагер ұстаз Қайырғали Қожанбаевтың шығармашылығымен таныстыру, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Кездесу кешінде композитордың танымал әндері «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушылары және студенттерінің орындауында көрермендерге ұсынылды.

Сонымен қатар, колледж жанынан құрылған домбырашылар ансамблінің домбыраға арналған күйлерін орындады. Аға буын мен кіші буын арасындағы үзілмес байланыстың дәлеліндей болған бүгінгі кештің жас буынға берері мол рухани қазына екені баршамызға белгілі. 
Колледж әкімшілігі және Қайырғали Үсенғалиұлынан сабақ алған шәкірттері, қазіргі колледж оқытушылары ұстазды құттықтап, зор құрметін білдірді.

Өз кезегінде ардагер ұстаз колледж ұжымына алғыс айтып, шәкірттерге ұлттық музыка өнерін дамытуда жетістіктерге жетіңдер деген тілегін айтты.

 

Оқылды 2368 рет
  • Төлеуқара Гүлжаз
    Сб-115

  • Шалабаева Динара
    Бк-315

  • Ерланова Жулдызай
    Шт-305

  • Мукатова Айнура
    Р-405

  • Келдикова Аружан
    Шт-405

  • Бозжанова Аружан
    Мд-205

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс