Шебер кластың мақсаты: «Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, студенттердің жан-жақты дамуында әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру. Әріптестер арасында тың идеялармен алмасуға жағдай тудыру». Шебер класқа колледж жас оқытушылары мен 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының бітіруші БК-405 топ студенттері қатысты. Сабақта «ДЖИГСО», «Фрайер моделі», «Кім не түсінді?», «Оқырман конференциясы», «Ойлан, жұптас, бөліс» сияқты әдістерді тиімді қолданып, ҰМЖ,ОМЖ,ҚМЖ-ны құарастырудың әдістемелік жақтарына тоқталып,сөйлеу әрекеттері туралы теориялық білім беріліп, алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға мән берілді.
Сонымен қатар сабақта топпен, жұппен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары көрсетіліп, оқытушылар мен студенттер бір-бірімен еркін қарым –қатынас жасай алды.