2018 жылғы 23 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық коллледжінде «Әлеуметтік - мәдени қызмет және өнер» бірлестік жанындағы «Мұрагер – өнер өрісі» студенттердің ғылыми шығармашылық орталығы жұмысының есеп беруі болып өтті.
Есеп беру «Ғасырлармен сырласқан мұрагерлер» тақырыбында ауызша журнал түрінде ұйымдастырылды.
Ғылыми шығармашылық орталығының басты мақсаты - ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келген халықтық дәстүрлі музыкалық қазынасын, оның таңдаулы үлгілерін студенттерді тәрбиелеу құралына айналдыру, дәстүрлі музыкалық талғамның көркемдік және мәдени деңгейін дамыту. 2015-2018 оқу жылдары аралығындағы ғылыми - шығармашылық орталығының оқытушылары мен студенттердің ғылыми - әдістемелік жұмыстары, өткізілген облыстық мәдени шаралар мен шығармашылык жетістіктеріне арнайы бет тақырыптарымен рубрикалық шолу жасалды. Ғылыми шығармашылық орталық оқытушылары студенттерге ғылыми жобаларға жетекшілік жасап, Халықаралық, Республикалық,облыстық студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясына мәдени мұраларымызды насихаттауда белсене ат салысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Ғылыми жобалар қорғаған студенттерге сөз берілді. Қазіргі кезде студенттеріміз дәстүрлі әндер, шешендік айтыс, суырып салма ақындық өнері, ән айту, жыр-термелер бойынша Халықаралық , Республикалық, Облыстық сайыстарына қатысып жүрген жүлдегер студенттер өнерлерін көрсетті. Қатысушылар орталықтың алдағы жасалатын жұмыс жоспарлары таныстырылып, әлі де жалғасын табатыны туралы айтылды.
Шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде ел Президентінің «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасына сай қазақтың домбыра аспабы насихатталды.Осындай игі бастамаға атсалысу – әрқайсымызға қастерлі міндет.