Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Сенім – менің серігім» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. Тренингке «Бастауыш білім беру» , «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімдерінің білім алушылары белсене қатысты.
Тренингтің мақсаты: Студенттерді үнемі ақжарқын, көңілді, мейірімді болуға және әркім өз тағдырына жауапты екенін айта отырып, өмір заңдылықтарына төзімді, шыдамды етіп тәрбиелеу. Студенттер тренингке қызығушылықпен, белсенділікпен қатысып, жаттығуларды ықыластарымен орындады.