Семинарды Ақтөбе гуманитарлық колледжі директоры Е.Ғ.Нургалиев ашып, колледж директорының оқу- өндірістік ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Калиева, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы арнайы пәндер оқытушысы Р.Шанғалаева баяндама оқыды.Колледж оқытушылары А.Нурасканова «Оқу- ұйымдастыру қызметіне жаңа әдістерді кіріктіру» тақырыбына, А.Жакебаева «Бала шығармашылығын дамытудың тиімділігі» тақырыбына үлгі сабақтар көрсетіп, 4-курс студенттері А.Султанова «Сөйлеуге үйрету» білім беру саласына «Қыс қызығы» ҰОҚ бойынша, А.Айдарова мектепке дейінгі ұйымдарда «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша «Қиялдағы көрініс» ҰОҚ, «Ата- анамен жұмыс түрі. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың білімі» тақырыбына А.Жолаушыбай, «Құм терапиясымен жұмыс «Менің тыныштығым» тақырыбына Б.Адилова өзжұмыстарын назарға ұсынды.