Мақсаты Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін артыруға бағыттау. Кездесу барысында ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат екендігі түсіндірілді. Мақаладағы сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтерілді. Онда Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен ой бөлісті.
Сонымен бірге Арман Бисембаев археология саласындағы өз тәжірибесінен көптеген жетістіктерімен таныстырып, студенттердің сұрақтарына жауап беру арқылы диалог құрды. Нәтижесінде жағымды психологиялық ахуал қалыптасып, шара өте жоғары деңгейде өтті.