Семинар-практикумның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңашылдықты маман даярлау ісінде озық педагогикалық тәжірибелер арқылы көрсету, әлеуметтік серіктестікті нығайту. Семинар жұмысы негізгі үш бөлімнен құралады. Семинардың теориялық бөлімінде колледжі оқытушылары Рабиға Шаңғалаева мен Айнұр Жакебаева мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асыру бағыттарында баяндама оқыды. Аталған оқытушылар мен Анаргул Нурасканова практикалық бөлімде өз тәжірибелеріндегі озық әдіс-тәсілдерді маман даярлау барысында қалай қолданып жүргендіктерін шеберлікпен көрсете білді. Сонымен қатар үшінші бөлімде қала, аудан мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Олар:
1.«Мектепке дейінгі ұйымда робототехника негіздерін қалыптастыру» Гульфарам Сатенова, Ақтөбе қаласы № 33 «Нұрсәт» МдБо тәрбиешісі
2.«Лэпбук- баланы дамыту мен оқытудағы дидактикалық құрал»
Ольга Герасименко,Ақтөбе қаласы №1 «Гүлдер» МДҰ тәрбиешісі, Юлия Нурмухамедова, № 14 «Қонжық»МДҰ тәрбиешісі
3.«Педагогтардың интеллектуалдық- шығармашылық даму үрдістерін басқарудағы- жаңа инновациялар» Балауса Буркутова, Қобда ауданы «Нұрлы болашақ» МДҰ әдіскері практикалық жұмыстармен тәжірибе алмасты. Семинар соңында кері байланысты колледжінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығы арнайы пән оқытушылары Нургуль Курманбаева ,Толқын Алпамысова өткізді.