Сейсенбі, 05 Наурыз 2019 10:39

Ақпараттық топ өкілдерімен кездесу

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 4 наурыз күні үкіметтік емес сектордың радикалды теріс ағымдары, екпеден бас тартқан ата-аналармен жұмыс және экстремизмге қарсы ақпараттық топ өкілдерімен кездесу өткізілді. 

Кездесу барысында "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ-нің қызметкері Б.М.Марат келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керектігі туралы, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының директоры Н.Б.Жаншин дін мәселесіне жалпылама түсінік бере отырып, жастардың дінге қатысты сұрақтар туындаған кезде бағыт-бағдар беруге дайын екендігін айтты. Дінге бет бұру ең алдымен терең білімді талап ететінін, ақыл-кеңесті білікті маманнан кеңес алу керектігін жеткізді. №2 қалалық емханасының екпеден бас тартқан ата-аналармен жұмыс жүргізетін дәрігер К.Ж.Омарова сәби дүниеге келген уақыттан бастап жұқпалы аурулардың алдын-алу шарасы бойынша екпе алудың маңызды екенін дәлелдеп түсіндірді.Кеш соңында келген қонақтар колледж жастарын болашақтың даңғыл жолын дұрыс қалау үшін білімді де білікті болуға шақырды.

Оқылды 2368 рет
  • Оспанқызы Сандуғаш
    Сб-115

  • Қайдасов Жасұлан
    Мк-105

  • Джанбауова Аружан
    Бк-205

  • Мұратова Әсем
    Мк-105

  • Сағиғалиева Гүлбану
    Кт-105

  • Ерланова Жулдызай
    Шт-305

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс