Дүйсенбі, 04 Наурыз 2019 12:50

«Құндылықтар философиясы-адамгершілік бастаулары» атты пікірталас

«Әлеуметтік­ экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінде 2019 жылдың 1 наурызында «Құндылықтар философиясы-адамгершілік бастаулары» тақырыбында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің тарих пәнінің оқытушылары Ардақ Тұрғамбай, Дәмелі Нысанқуатова студенттер арасында пікірталас өткізді.

   

Мақсаты: Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобада оны іске асырудың басты бағыттарының бірі ретінде жастардың рухани адамгершілік тәрбиесін, негізінде «еңбексүйгіштік, намыс, парасаттылық, үнемі өзін-өзі жетілдіру мен оқуға ұмтылысы» сияқты қасиеттер жатқан құндылықтар жүйесін қалыптастыруды атап көрсетті. Басты мақсат – құндылықтар философиясының адамгершілік бастауларының негізі екенін ашып көрсете отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарын дарыту, патриоттық және отансүйгіштік қасиеттерін нығайту болып табылады. Осы шараға қатысу үшін Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің философия ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Дусипова Айсана Сагинбаевна шақырылды. Сөз барысында Айсана Сагинбаевна жалпы философиялық құндылықтар жөнінде айтты. Студенттер құндылықтар философиясының адамгершілік бастауларының негізі екенін ашып көрсете отырып,бүгінгі тақырыбымызға қатысты өз ойларын ашық айтып, шараға белсенді ат салысты.
Бүгінгі шараны қорытындылай келе , Егеменді еліміздің тұғыры қашан да баға жетпес құндылықтарымен биік, адамгершілік бастаулары туралы айта отырып, өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсінетін - адами құндылықтарымызды сақтайтындығы айтылды.

Кеш соңында келген қонақтар колледж жастарын болашақтың даңғыл жолын дұрыс қалау үшін білімді де білікті болуға шақырды.

Оқылды 5931 рет
  • Нәбиева Назкен
    Сб-305

  • Тәңірбергенова Гүлбану
    Мд-320

  • Шалабаева Динара
    Бк-315

  • Келдикова Аружан
    Шт-405

  • Анарбек Аиша
    Бк-205

  • Қайдасов Жасұлан
    Мк-105

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс