Дүйсенбі, 04 Наурыз 2019 11:36

«Тарих толқынында тоғысқан – Арайлы Ақтөбе» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті

Тарих толқынында тоғысқан –Арайлы Ақтөбе 2019 жылдың 26 ақпан күні Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына байланысты «Тарих толқынында тоғысқан –Арайлы Ақтөбе » тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар колледж кітапханасы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу- әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ләззат Балғазиева

   

Мақсаты: Студенттерді Ақтөбе қаласының тарихы, тарихи тұлғалар туралы мәліметтермен таныстыру. Ақтөбе өңіріне еңбегі сіңген даңқты тұлғаларды анықтау, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. 

   

Кеш барысында колледжіміздің Шет тілі, математика және ақпараттық жүйелер бөлімінің 2 - курс студенттері белсенділік танытты. Оқырман конференциясында студенттеріміздің баяндамалары тыңдалды. Жастар арасында ақындық өнерін шыңдап, поэзия саласында өлең жазып, жеке шығармашылығын ұсынып жүрген колледжіміздің жас ақындары МК-115, 205, ШТ- 205, БК-305 тобының студенттері Ербұланұлы Мирлан, Амангелді Жасұлан, Алдаризаева Рахат, Әшір Ұлжан жас ақындар Ақтөбеге арнап шығарған өлеңдерін тарту етті. «Туған өлкем» әнімен «Шет тілі-205» топ студенті Нұрланқызы Зарина орындады. «Туған өлкем - Ақтөбем, құтты болсын мерекең!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. 

   

Шараға колледж әкімшілігі, «Тілдер және әдебиет» бөлімінің студенттері, кітапханашылар мен жыр сүйер қауым қатысты. Қорытындысында директордың оқу –әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Мұстафиевна студенттермен ой бөлісіп, рухани білімнің, руханни мәдениеттің ауадай қажеттілігі мен маңыздылығын айтып, Ақтөбе қаласының мол мұрасын танып білуге шақырды.

 

Оқылды 2269 рет
  • Смагулова Гулсая
    Шт105

  • Редова Пакиза
    Бк-310

  • Тұрманова Қаламқас
    Мд-215

  • Қалисина Аружан
    Ктх-305

  • Буреш Елена
    Бк-201

  • Әбдіжәлел Гүлден
    Мк-305

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс