Дүйсенбі, 04 Наурыз 2019 10:47

ОНКҮНДІКТІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ

«Әлеуметтік мәдени-қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаңашыл ұстаз. Кәсіби маман. Шығармашылық жаңғыру» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің жабылу салтанаты ағымдағы жылдың 22 акпан күні өтті.

    

Онкүндік аясында жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті мәселелерін талқылау, өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» әдістемелік пәндер бірлестігінің облыстық семинар-практикумы «Дуалдық оқыту жүйесінде мамандар даярлау:теориясы мен тәжірибесі» өз деңгейінде ұйымдастырылды.Оқытушылардың жетістіктері мен озық тәжірибелерін насихаттау мақсатында «Озық тәжірибе - ортақ іс» әдістемелік тақта қойылса , «Күй шеруі » атты күй қоңырауы да күмбірледі. «Инновациялық типтегі ақпараттық орталықтарда оқырмандарға қызмет көрсету түрлері», би өнері бойынша «Секіртпелердің түрлері », «Қысқы спорттық ойындар » атты білікті ұстаздардың ашық сабақтары әдістемелік талапқа сай өткізілді.

    

Білім алушылардың оқуға қызығушылығы мен шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында «Оқытудың белсенді әдістері арқылы шығармашылықты дамыту», «Басқару және көшбасшылық» тақырыбында коучингтер ұйымдастырылды. Әріптестердің заман талабына сай жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру және оны насихаттау мақсатында «Менің қолымнан бәрі де келеді», «Обновление содержания: стратегия разноуровнего обучения» тақырыбында шебер-кластар сәтті өтті. Практикалық сабақ «Тірі табиғат мүсіндегі бөлме өсімдіктері», бинар сабағы «Жаңаша оқытудағы-жаңаша әдіс-тәсілдері», «Ұлы даланың саз сырлары» атты лекция концерт ұйымдастырылды. «Әлеуметтік мәдени-қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу- әдістемелік бірлестінің жетекшілері Шолпан Ахметқызы, Нұргүл Шорақызы келесі онкүндіктің эстафетасын салтанатты түрде «Педагогика және психология» және «Музыкалық аспаптар» оқу - әдістемелік бірлестінің жетекшілері Назгүл Серікқызы мен Назира Дүйсенбайқызына келесі онкүндіктің эстафетасын тапсырды.

    

Онкүндік өз мақсатына жетті, оқытушылардың ұйымдастырған теорияляқ және практикалық жұмыстары өзара тәжірибе алмасуға зор септігін тигізді.

Оқылды 3401 рет
  • Бозжанова Аружан
    Мд-205

  • Утегенова Сымбат
    Од-105

  • Сағиғалиева Гүлбану
    Кт-105

  • Тәңірбергенова Гүлбану
    Мд-320

  • Тұрманова Қаламқас
    Мд-215

  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс