Ақтөбе гуманитарлық колледжінің кәсіптік практика бөлімі Шетел тілі пән бірлестігімен бірлесе отырып, 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша тәжірибе базасы болып табылатын Ақтөбе қаласы №6 Ғ.Ақтаев атындағы орта мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында семинар коучинг өткізді. Семинардың алғы сөзі колледж директорының оқу- өндірістік ісі жөніндегі орынбасары А.Калиеваға беріліп, №6 Ғ.Ақтаев атындағы орта мектебі директорының орынбасары Д.Муханбедиярова «Алғысым шексіз» тренингімен өрбітті.
Семинардың теориялық бөлімінде колледждің шетел тілі пәні оқытушылары Г.Садық, Д.Жұмашева, Ж.Жаманкулова, З.Амантаева, К.Еспанова, А.Курманбекова, А.Мулкаманова, И.Шандаулова коучинг өткізіп, практикалық бөлімінде мектептің ағылшын тілі мұғалімдері Ж.Турешова, С.Мукашева, С.Жекеева, І.Мухамедиева панорамалық сабақтар көрсетті. Кері байланысты мектеп тренері Ф.Кушекбаева жүргізді. Семинар барысында аталған мектепте практикадан өтіп жатқан ШТ- 305 топ студенттері көп әдістемелік мағлұмат алып, ұстаздар қауымы тәжірибе алмасқанына өз ризашылықтарын білдірді.