Super User

Super User

Жұма, 20 Наурыз 2020 17:43

Ана - тіршіліктің тірегі

Колледжде Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты ұстаздарымызға, аналарымызға, аруларымызға арналған мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында студенттеріміз өздерінің бойларында бар өнерлерін, әсем би, көңілді ән-күйлерін және жыр шумақтарын арнады.

Жұма, 20 Наурыз 2020 17:36

«Miss AGK-2020»

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай арулардың сұлулығы мен әсемдігі сыналатын «Miss AGK-2020» байқауы өтті. Мақсаты – аруларымыздың көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ аруының бойындағы ізеттілікке, инабатталыққа тәрбиелеу және салт-дәстүрді насихаттау.

2020 жылы 5 наурызда Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасының оқу залында Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай «Ұлт мақтанышы - Бейімбет Майлин» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.

Коучингте бүгінгі күнде студенттермен қарым-қатынас деңгейінің тиімді тәсілдері жөнінде тәжірибе алмасты. Білім алушыларға әсер етудің негізгі әдістері – оқытушының жеке сүйкімділігінің әсерін жасауға бағытталған психологиялық-педагогикалық қасиеттер: комуникабельділік, эмпатиялық және визуалдық (мұғалімнің сыртқы түр тұлғасы мен жүріс-тұрысы, педагогикалық техникасы) жөнінде сөз қозғалып, педагогикалық қызмет стильдері: авторитарлық, демократиялық, либералдық стильдердің педагогикалық тактикамен қолдану шеберлігі талқыланды. Жас оқытушылар коучинг нәтижесінде өздеріне құнды ақпарат алғандарын айтып, өз алғыстарын білдірді.

Ақтөбе қаласының №52, №53, №59, №56, №60 жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушылары колледж мамандықтары бойынша презентация өткізіп, колледж базасымен таныстырды.

29 ақпан күні Ақтөбе қаласы Ж.Тәшенов атындағы №68 жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың жолдары» тақырыбына бірлескен семинар өтті.

Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жастар дарын сыйлығының иегері, ҚР құрмет орденінің иегері, дәстүрлі әнші Айгүл Қосановамен кездесу кеші өтті.

Жұма, 20 Наурыз 2020 17:21

Абай-дара, Абай-дана қазақта

27 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай-дара, Абай-дана қазақта» атты әдеби кеш өткізілді.Әдеби кештің мақсаты-ұлы ақынның рухани асыл-мұраларын насихаттау.
Әдеби кеш қонағы-Облыстық Сақтаған Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана қызметкері,жергілікті ақын Талғат Тілеулесов Абай шығармашылығы туралы студенттермен ой бөлісіп, жастарды Абайды оқуға, білуге, терең тануға шақырды.

Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өнер жолы – ұлы жол»тақырыбында кездесу кеші өтті. Іс-шара мақсаты: Облысымыздың мақтанышы болған өнер иесі,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ғазиза Жұбанова атындағы филармония солисі, Ахмет Жұбанов атындағы музыка колледжінің вокал класының оқытушысы, ұстаз Айтимов Марат Олжабайұлымен кездесу.

Page 28 of 60
  • Жұбатқанова Ақтоты
    Од-105

  • Сәндібекова Гүлжайна
    Мд-215

  • Музыкант Екатерина
    Р-305

  • Куздибаева Дилназ
    Кт-105

  • Тургунова Карина
    Р-405

  • Марченко Людмила
    Бк-301

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс