Семинарды колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары А.Калиева ашып, аталған мектептің 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша практика базасы болып табылатынын, қазіргі уақытта 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру» біліктілігі бойынша білім алушы ШТ-305 топ студенттерінің кәсіби тәжірибеден өтіп жатқанын айта келіп,семинардың әлеуметтік серіктестік аясында өзара тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылып отырғанын айтып өтті. Колледждің шетел тілі оқу әдістемелік бірлестігі оқытушылары И.Шандаулова, А.Курманбекова, Г.Садық, З.Амантаева ағылшын тілі пәнін оқытудың теориялық бөлігіне тоқталса, мектеп мұғалімдері Д.Жумашева, М.Мошанова, Г.Абдуллаева , Г.Ділмағанбет, Б.Смағұл жаңартылған білім беру мазмұнын ашатын панорамалық сабақтарын ортаға ұсынды, ал жас оқытушылар Ә.Балхаш пен Б.Нуркеева рефлексия өткізді. Семинар соңында Ж.Тәшенов атындағы №68 жалпы білім беретін орта мектептің әдіскері Н.Тойлыбаев колледж оқытушыларына өз ризашылығын білдірді.