Жұма, 20 Наурыз 2020 17:34

Бейімбет Майлиннің 125 жылдығы «Ұлт мақтанышы- Бейімбет Майлин» (әдеби кеш)

2020 жылы 5 наурызда Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасының оқу залында Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай «Ұлт мақтанышы - Бейімбет Майлин» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.

Кештің мақсаты: студенттердің Бейімбет Майлин шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, тереңдету, студенттердің көркем эстетикалық қабілеттерін дамыту және оқырмандардың Бейімбет Майлиннің поэзиясына деген қызығушылығын ояту үшін ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат беру. Әдеби кеш барысында «Самға» оқырмандар клубының мүшелері «Шұғаның белгісі» шығармасын толық талдап, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жазушының әр жазған шығармасы ұрпақ санасын жаңғыртудағы еңбектері туралы айтылды. Сондай-ақ қатысушылар Бейімбет Майлин туралы естеліктермен бөлісіп, жастарға жазушының шығармаларын оқуға шақырды.
Аталмыш шарада «Көркем сөздің шебері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Әдеби кешке студенттер белсене қатысты.
Қорытындысында колледж психологы: Айгул Сатаева, кітапхана меңгерушісі Райла Ескарина студенттермен ой бөлісіп, рухани білімнің, рухани мәдениеттің қажеттілігі мен маңыздылығын айтып, Бейімбет Майлиннің мол мұрасын танып білуге шақырды.

 

Оқылды 1413 рет
  • Мукатова Айнура
    Р-405

  • Онайбергенова Әмина
    Мд-405

  • Қайдасов Жасұлан
    Мк-105

  • Сапарғали Мерует
    Мк-205

  • Амиядин Гүлдана
    Мд-410

  • Жұбанова Ұлжан
    Р-215

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс