Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттері барлық Қазақстандықтарды 30 тамыз - Қазақстан Респбуликасының Конституциясы күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілейді! Береке-бірлігіміз мәңгілік болсын!
Болашақ мамандарды білім алып жүрген кезден бастап кәсібіне бейімдеу мақсатында біздің оқу орнымыз да 2016 жылы 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша дуальдық оқыту жүйесі бойынша эксперимент енгізді. Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Балақай» Балаларды оқыту орталығы мен колледж арасында үш жақты келісімшартқа қол қойылып, теориялық оқу мен кәсіптік практиканы тығыз ұштастыру нәтижесінде, топ студенттерін 100% еңбекке орналастыруға қол жеткізілді.
Қазіргі таңда 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы мен 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша барлығы 50 студент дуалдық оқу үрдісі бойынша білім алуда.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттерінен құрылған «Адал ұрпақ» командасы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облыстық департаментінің ақпараттық ағартушылық үгіт-насихат облыстық штабының ұйымдастыруымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ZOOM платформасында өткен «Брейн-ринг» интеллектуалды ойынына қатысты. Интеллектуалды сайыста білімдері мен білгерліктерін көрсете білген Кт-105 топ студенті М.Есенгельдинова, Мк-105 топ студенттері Ж.Қайдасов пен Ә.Мұратова, Шт-305 топ студенті М.Салимкереев, Бк-205 топ студенті А.Анарбек, Шт-105 топ студенті Ж.Қалиға және ұйымдастырушы ұстаздарға өз алғысымызды білдіреміз. Саналы, парасатты, адамгершілігі мол жастар – еліміздің жарқын болашағының кепілі.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен "Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" тақырыбында онлайн форматта өткен жалпы республикалық "Адалдық сағатына" қатысты.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі жанынан құрылған "Мұрагер" еріктілер тобы бір отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті. Жастардың бойына қайырымдылық пен ізгіліктің дәнін себу, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру қашанда біз үшін өте маңызды. Жақсылықтың жаршысы болуға асығайық.
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту ісіндегі табысты еңбегі мен асқан шеберлігі, педагогикалық еңбек жолында болашақ мамандарға кәсіби білім мен тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берудегі халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі жеткен жетістіктері және колледж дамуына қосқан зор үлесі үшін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ЖЫЛ АДАМЫ-2020» байқауы қорытындысы бойынша Адилова Жайнагүл Мұстафақызы марапатталды.
Бұл байқау колледж директоры Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлының бастамасымен алғаш рет 2018 жылы жарияланып, жыл сайын үздіктер қатарымен толығып келеді. Құрметті колледж ұстаздары болашақ маман дайындауда шеберліктеріңіз шыңдала берсін!
Баршаңызды Жаңа 2021 жыл мерекесімен құттықтаймыз, жаңа жыл жаңа табыстар мен бақ-береке, отбасыларыңызға амандық әкелсін!
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru