Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту ісіндегі табысты еңбегі мен асқан шеберлігі, педагогикалық еңбек жолында болашақ мамандарға кәсіби білім мен тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берудегі халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі жеткен жетістіктері және колледж дамуына қосқан зор үлесі үшін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ЖЫЛ АДАМЫ-2020» байқауы қорытындысы бойынша Адилова Жайнагүл Мұстафақызы марапатталды.
Бұл байқау колледж директоры Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлының бастамасымен алғаш рет 2018 жылы жарияланып, жыл сайын үздіктер қатарымен толығып келеді. Құрметті колледж ұстаздары болашақ маман дайындауда шеберліктеріңіз шыңдала берсін!
Баршаңызды Жаңа 2021 жыл мерекесімен құттықтаймыз, жаңа жыл жаңа табыстар мен бақ-береке, отбасыларыңызға амандық әкелсін!