Ақтөбе гуманитарлық колледжі жанынан құрылған "Мұрагер" еріктілер тобы бір отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті. Жастардың бойына қайырымдылық пен ізгіліктің дәнін себу, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру қашанда біз үшін өте маңызды. Жақсылықтың жаршысы болуға асығайық.