17 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен қабылданған 2020-Волонтерлар жылын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Ақтөбе облысының филиалында «Ашық есік күні» өтті.
Ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Ақтөбе облысы бойынша Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлерінің ұйымдастыруымен «Сабақты зерттеу - кәсіби дамудың тиімді құралы» тақырыбында семинар өтті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерін және энергетикалық конфеттермен сағыздарды пайдаланудың алдын алу мақсатында «Қуаныш» клиникасының маманы Ж.И.Амиргалиевпен дөңгелек үстел өтаізілді.
Конференцияға «Математика және ақпараттық жүйелер" бөлімінің студенттері «Самға» оқырмандар клубының мүшелері қатысты.
Колледж жанынан құрылған «Leader-Q» жастар корпусы мен колледж еріктілері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңесімен бірлесе отырып, Ақтөбе облысының көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік кешін өткізуге ат салысып, ертегілік қойылымдардың кейіпкері бола білді. Аталған шараларда белсенділік танытып, жауапкершілікпен ат салысқан жастарға алғыс білдіреміз! Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2020 жылмен құттықтаймыз!
Колледжіміздің ерікті жастары Ақтөбе облысы әкімінің және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Жекпе – жек сарайында өткен «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты жаңа жылдық шыршаға белсене қатысты.
2019 жылдың 23-25 желтоқсан аралығында колледж студенттеріне арналған «Жарқыра Жаңа жыл» атты ойын-сауық кеші өткізілді.
«ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасы «Zhastar KZ» жобасы шеңберінде жүзеге асырылды. Жобаның құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ болып табылады.
2019 жылғы 23 желтоқсан күні Ақтөбе қаласы ІІБ Патрульдік Полиция Батальонының ұйымдастыруымен Ақтөбе гуманитарлық колледжі студеттері «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» акциясына қатысты.
2019 жылдың 20 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Нұр Отан» партиясы «Құрмет» бастауыш партия ұйымы жоспарына сәйкес «Жастар - тәуелсіз елдің тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге "Өрлеу" біліктілік арттыру институтының бөлім бастығы, Нұр Отан партиясы «Құрмет» БПҰ бюро мүшесі Б.С.Утаров қатысты.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru