Қазақстанның тарих сахнасынан елеулі орын алып, Тәуелсіз ел болып құрылғанына 28 жыл болды. Қазақстан – бүгінде Еуразияның жүрегінде орналасқан, тату-тәтті өмір сүріп жатқан көп ұлтты мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз бізден едәуір уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп, спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнер жағынан әлемнің алпауыт елдерімен терезесі теңелетүсуде.
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты жас ақындардың жыр – мүшәйрасы өткізілді. Байқауға І және ІІ курс студенттерінен 10 жас ақын қатысты.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінде 2019 жылдың 12-желтоқсанда «Тәуелсіздік – еліміздің тірегі » тақырыбында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің МД-315 топ студенттері және топ жетекшісі Ардақ Тұрғамбай жетекшілігімен танымдық-кеш өткізілді. Мақсаты: Студенттерге еліміздің тәуелсіздік алғалы 28 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру. Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу, бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.
2019 жылдың 12 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде студенттердің өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру, болашақ жас мамандардың шығармашылық бастамаларын дамыту, оқу тәжірбиесінде алған білімдерін саралау мақсатында «Кітапханалық инновациялар көшбасшысы» атты “Кітапхана ісі” мамандығының студенттері арасында сайыс өтті.
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Жыл адамы-2019» байқауының қорытындысы жарияланды. Байқау жыл бойы кәсіби шеберлігі мен көшбасшылық қабілеті жоғары, ізденімпаз, жаңашыл, шығармашылықпен еңбек еткен, белгілі жетістіктерге ие болған тұлғаны анықтау мақсатында өткізілді.
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес «Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер» оқу әдістемелік бірлестігінің музыка пәнінің оқытушысы Айгуль Каргабаева «Шәкірт тәрбиелеуде күй үйретудің методикалық ерекшеліктері» тақырыбында шебер-класс өткізді.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru