«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінде 2019 жылдың 12-желтоқсанда «Тәуелсіздік – еліміздің тірегі » тақырыбында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің МД-315 топ студенттері және топ жетекшісі Ардақ Тұрғамбай жетекшілігімен танымдық-кеш өткізілді. Мақсаты: Студенттерге еліміздің тәуелсіздік алғалы 28 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру. Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу, бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.
Кеште студенттерге тәлім-тәрбие беру мақсатында танымдық бейне материалдар, патриоттық өлең-жырлар қолданылды. Топтың белсенді студенттері тәуелсіздік туралы ой-пікірлерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жеткізді. Қойылған сұрақтарға белсенді жауап беру арқылы тәуелсіздік тарихы туралы терең білімдерін көрсете білді. Ұлттық рухымызды көтеретін патриоттық әндер шырқалды. Іс-шара соңы «Атамекен» патриоттық әнімен аяқталды.