16 желтоқсан - Тәуелсіздік мерекесіне орай Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Тәуелсіздігім – мәңгілік!» тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырылды. Салтанатты шара барысында колледж директоры Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы ұжымды ұлы мерекемен құттықтап, еліміздің ағарту ісіне үлес қосуда қажымас қайрат пен шығармашылық табыс тіледі.
Колледж басшысының бастамасымен бастау алған «ЖЫЛ АДАМЫ» байқауының қорытындысы шығарылып, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту ісіндегі табысты еңбегі мен асқан шеберлігі, педагогикалық еңбек жолында болашақ мамандарға кәсіби білім мен тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берудегі халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі жеткен жетістіктері және колледж дамуына қосқан зор үлесі үшін «ЖЫЛ АДАМЫ-2019» Майлышева Ақмарал Маратовна атанып, алғыс хат және 50 мың теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.
Мерекелік шарада «Мәдениет және саз» бөлімі ұстаздары мен студенттерінен құрылған колледж оркестрі халық күйлерін орындап, студенттер патриоттық ән-жырын және бишілер тобы ұлттық биді көпшілікке тарту етті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын! Аспанымыз ашық,еліміз тыныш болсын!