Байқау 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде үміткерлер портфолиосын ұсынып, екінші кезеңде өздерінің жобаларын қорғады. Жоба қорғау кезеңі ашық түрде өтті, оған комиссия құрамынан басқа колледж оқытушылары мен қызметкерлердің қатысуына мүмкіндік берілді.
Комиссия мүшелері үміткерлердің жұмысын сараптай отырып, колледждің оқу- тәрбие саласының дамуына өзіндік үлес қосқан, ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білген, ертеңгі мемлекеттің болмысы - бүгінгі ұстаздың тәліміне деген қағиданы берік ұстанған, бөлім студенттерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыруына аса мән беріп, шәкіртінің сенімін нығайтып, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыра алған, шығармашылықпен іздендіс жолында халықаралық, республикалық, облыстық дәрежеде жетістіктерге жеткізгені үшін «Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімінің арнайы пән оқытушысы Майлышева Акмарал Маратовнаны «Жыл адамы-2019» деп таныды.