Мақсаты: Күйдің идеялық-көркемдік мазмұнын анықтап, орындау ерекшелігін ескеріп, шеберлік тәсілдерді түсінікті тілмен үйрете білу.
Оқытушы күйдің түрлерін, төкпе және шертпе күйдің ерекшелігін ажырата білуге, сұқ саусақ шертіп, екі шекті алма кезек қағып ойнау күй тарту әдістерін үйретті. Сонау IV-V ғасырдан бастап бүгінге дейін жалғасып, қайта өңделіп, жаңарған күйлер туралы кеңінен түсінік берді.
Шара соңында әріптестер іс-шарадан алған әсерлері туралы ой толғап, жылы лебіздерін білдірді.