Сенбі, 15 Ақпан 2020 06:25

«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР

Ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Ақтөбе облысы бойынша Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлерінің ұйымдастыруымен «Сабақты зерттеу - кәсіби дамудың тиімді құралы» тақырыбында семинар өтті.

 

Семинар мақсаты – болашақ педагог мамандарды даярлауда сабақта зерттеу үдерісін ұйымдастыру мен үйлестіру, зерттеу сұрағын құрастыру және зерттеу сабағы (LS): сабақты бақылау, қадағалау түрлері мен тәсілдері туралы мәліметтерді тәжірибеде қолдану жолдарын бірлесе жұмыс жасай отыра меңгерту.

 

Ұйымдастырушылар сабақты зерттеуді іске асыру бойынша қолдау көрсетудің тәсілдерін әзірлеудің, бірлесе жоспарлау, бақылау және сабақ бойынша ой жүгіртудің қаншалықты маңызды екенін, сабақтан соң талқылау: бақылаушылардың бақылау нәтижесінде бір-бірімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында талқылау жүргізу немесе сабақты жақсарту үшін жаңа идеяларды ойлап шығару тәсілдерін колледж оқытушыларын қатыстыра отырып талқылады. Соның ішінде сабақты зерттеу мұғалімді бағамдауға емес, оқушының ойлауы мен оқуын зерттеуге бағытталған нұсқа екендігін бірлесе талқылай жүргізді.

 

Семинар барысында талқыланған мәселелер колледж оқытушыларына болашақта білім сапасын арттыру бағытында әдістемелік көмек болды.

 

Семинар соңы рефлексиямен аяқталып, тренерлер бұдан әрі бірлесіп, әріптестікті нығайту барысында тығыз қарым-қатынаста жұмыс жалғасатынын айтты.

Оқылды 1770 рет
  • Жұмағазина Санзият
    Мд-315

  • Сағиғалиева Гүлбану
    Кт-105

  • Қалисина Аружан
    Ктх-305

  • Мукатова Айнура
    Р-405

  • Губайдуллина Нұрия
    Бк-301

  • Әбуталиева Айзат
    Бк-315

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс