Мерекелік шыршаға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер, сонымен қатар білім, спорт, шығармашылық саласында жетістіктері бар балалар қатысты. Біздің студенттер ертегілік қойылымдарға қатысып, аниматор болып бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Колледжіміздің ерікті жастарына алғыс білдіре отырып, баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын!