Сенбі, 15 Ақпан 2020 06:16

Ақтөбе гуманитарлық коллджінде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы бойынша оқырмандар конференциясын ұйымдастырылды.

Конференцияға «Математика және ақпараттық жүйелер" бөлімінің студенттері «Самға» оқырмандар клубының мүшелері қатысты.

 


Мақсаты: Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының қаламгерлігі, қайраткерлігі, саясаткерлігі туралы таныстыру, шығармаларын насихаттау.

 

Конференция барысында студенттер Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасындағы кейіпкерлерінің психологиялық болмысы, жан сезімі, ішкі ой әлемі ерекше есте қаларлықтай берілгеніне тоқталып өтті.

 

МК -405 топ студенті Әділгерей Айнұр «Мұнара» жайында романнан үзінді оқыды.Жазушының әр жазған шығармасы мен ұрпақ санасын жаңғыртудағы еңбектері туралы айтылды. Сондай-ақ қатысушылар Әбіш Кекілбаев туралы естеліктермен бөлісіп, жастарға Әбіштің шығармаларын оқуға шақырды. Аталмыш шараға «Ғұлама тұлға, ғибратты ғұмыр» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиогрфиялық шолу жасалды. Конференцияға студенттер белсене қатысып, алға қойылған мақсат өз шешімін тапты.

Оқылды 1284 рет
  • Нұрғалиева Ақбота
    Ктх-205

  • Сайлаубайқызы Назерке
    Мк-105

  • Нышан Ақмарал
    Шт-305

  • Мұханбетқалиева Гүлзат
    Р-215

  • Мұратова Әсем
    Мк-105

  • Маширикова София
    Бк-401

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс