Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану және қоғамға қызмет ету принципі мақсатында Ақтөбе гуманитарлық колледжі жастарынан «LEADER-Q» волонтерлық корпусы құрылды. Құрамына 40-тан астам студенттерді жинаған волонтерлық корпус осы күнге дейін өңіріміздегі айтулы іс-шараларға ат салысып, арнайы семинар-тренингтерге қатысып, маңызды тәрбиелік-әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыруда кәсіби волонтерлықтың бастапқы негізгі бөлімінен өтіп жатыр. Аталмыш шарада колледж түлегі, «LEADER-Q» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Р.Мұқашев бастаған волонтерлық корпус Мемлекет басшысының бастамасымен басталған «Біз біргеміз» жалпыұлттық жобасын қолдап, жүйелі және волонтерлық қызметті кәсіби тұрғыда жүргізуге толыққанды дайын екенін көрсетті.