«Жаңашыл ұстаз. Кәсіби маман. Шығармашылық жаңғыру» мамандық онкүндік аясында «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» пән бірлестігінің оқытушы Алпамысова Толкын МД-220 тобында «Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін қысқы спорттық жаттығулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Тарих толқынында тоғысқан –Арайлы Ақтөбе 2019 жылдың 26 ақпан күні Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына байланысты «Тарих толқынында тоғысқан –Арайлы Ақтөбе » тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар колледж кітапханасы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу- әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ләззат Балғазиева
«Әлеуметтік мәдени-қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаңашыл ұстаз. Кәсіби маман. Шығармашылық жаңғыру» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің жабылу салтанаты ағымдағы жылдың 22 акпан күні өтті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі кәсіптік практика бөлімінің бастамасымен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Л.Т.Балгазиева жаратылыстану мен дүниетану, көркем еңбек пәнінің оқытушыларымен бірлесе отырып, № 47 жалпы білім беретін орта мектебінде «Педагогикалық тәжірибе –шығармашылық бастама» тақырыбына семинар өткізді. Семинардың мақсаты жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті мәселелерін талқылау, өзара тәжірибе алмасу, құнды ақпараттар беру арқылы өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттерге әдістемелік көмек беру болды.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің “Әдебиет және тілдер” бөлімінің ШТ -205 тобы С.Байшев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының жанындағы Америка бұрышының сахнасында ұлы ағылшын жазушысы Уильям Шекспирдің "As you like it" туындысын қойды.
Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлескен жоспар негізінде Ақтөбе гуманитарлық колледжі базасында Jastar JYLY аясында «Студенттік ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және мәселелер» тақырыбында ІV республикалық ғылыми-практикалық онлайн, офлайн конференциясы өтті.
«Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаңашыл ұстаз. Кәсіби маман. Шығармашылық жаңғыру» мамандық онкүндігің жалғасы ағымдағы жылдың 20 ақпан күні «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ САЗ СЫРЛАРЫ» атты лекция концертімен жалғасын тапты. Лекция концертінің негізгі мақсаты: Ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазынамыз көне музыкалық аспаптарымен таныстыру, студенттерді аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту.
Ағымдағы жылдың 18 ақпаны күні «Жаңашыл ұстаз. Кәсіби маман.Шығармашылық жаңғыру» мамандық онкүндігі аясында «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» пән бірлестігінің оқытушысы Сауле Мураталиеваның ұйымдастыруымен «Менің қолымнан бәрі де келеді» тақырыбында шебер - класс болып өтті.
Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні «Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер» оқу-әдістемелік пән бірлестігінің оқытушысы Анаргул Қалдыбаева «Классикалық бидің теориясы мен әдісі» пәнінен «Pas Echappe II позициядан V позицияға секіру» тақырыбында «Педагог-мәдени демалысты ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігі бойынша білім алушылармен ашық сабақ өткізді.
18.02.2019г. в Актюбинском гуманитарном колледже прошел мастер-класс преподавателя спецдисциплин Умаровой И.П. на тему «Обновление содержания образования: стратегии разноуровневого обучения». Целью мастер-класса был показ необходимости разноуровневого обучения для развития у студентов сознательности и активности в обучении. В начале мастер-класса преподаватели, придерживаясь принципов многоязычия, поздоровались друг с другом на трёх языках. Тему мастер- класса определили через песню «Волшебник-недоучка». Преподаватели, опираясь на героев мультфильмов, определяли свой тип темперамента и, исходя из своего темперамента, объединились в группы.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru