Құтты мекен – Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына және Жастар жылы аясында Ақтөбе гуманитарлық колледжі және Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 26-27 наурыз күндері аралығында кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының білім алушы қыздары арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Бүгін Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттері мен ұстаздар қауымы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын қарсы алды. Колледж директоры Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы ұжымды ұлы мерекемен құттықтап, молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тіледі. Оқу ордасында өткен мерекелік концертте ұлттық ән мен биден шашу шашылып, ұлттық салт – дәстүрлер, мерекелік қойылымдар көрсетіліп, көрермендерге наурыз дәмі таратылды.
2018-2019 оқу жылының қысқы мезгіл уақыт аралығында Мд-101, Бк-101, Р-205,Р-115,Р-305. Бк-201,Бк-301 топ студенттері "Дене тәрбиесі" пәні мұғалімі А.А.Идирисовтың жетекшілігімен салауатты өмір салтын ұстану мақсатында "Патон"базасына барып түрлі қысқа спорт түрлерімен шұғылданды.
2019 жылдың 13 наурыз күні Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, қаһарман ұлдарының бірі, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар майдангер - жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Шараны ұйымдастырушылар колледж кітапханасы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу- әдістемелік бірлестігінің оқытушысы Жайнагүл Адилова, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттерімен бірлесе өткізілді.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқу залында Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе лирик, сыршыл ақын Сағи Жиенбаевтың туылғанына 85 жыл толуына орай «Әнге айналған Сағи жырлары» әдеби-музыкалық кеш өтті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 26-сы ақпаны мен наурыз айының 2-сі күндері аралығында «Мейірімділік жүректен» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты-колледждегі аз қамталған және көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға көмек көрсету.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің кәсіптік практика бөлімі Шетел тілі пән бірлестігімен бірлесе отырып, 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша тәжірибе базасы болып табылатын Ақтөбе қаласы №6 Ғ.Ақтаев атындағы орта мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында семинар коучинг өткізді. Семинардың алғы сөзі колледж директорының оқу- өндірістік ісі жөніндегі орынбасары А.Калиеваға беріліп, №6 Ғ.Ақтаев атындағы орта мектебі директорының орынбасары Д.Муханбедиярова «Алғысым шексіз» тренингімен өрбітті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 4 наурыз күні үкіметтік емес сектордың радикалды теріс ағымдары, екпеден бас тартқан ата-аналармен жұмыс және экстремизмге қарсы ақпараттық топ өкілдерімен кездесу өткізілді.
«Әлеуметтік экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінде 2019 жылдың 1 наурызында «Құндылықтар философиясы-адамгершілік бастаулары» тақырыбында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің тарих пәнінің оқытушылары Ардақ Тұрғамбай, Дәмелі Нысанқуатова студенттер арасында пікірталас өткізді.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru