Жұма, 15 Наурыз 2019 06:17

Әнге айналған Сағи жырлары 

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқу залында Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе лирик, сыршыл ақын Сағи Жиенбаевтың туылғанына 85 жыл толуына орай «Әнге айналған Сағи жырлары» әдеби-музыкалық кеш өтті. 

   

Шараның мақсаты: жерлесіміз Оймауыт ауылынан шыққан лирик ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын студенттерге, оқырмандарға насихаттау. Ақынның шығармашылығын оқырмандарға кеңінен таныстыру. Шара барысында ақынның өмірі туралы видеоролик көрсетіліп, таныстырылды.

     

Шығармашылығындағы өлеңдердің тақырыбына кеңінен тоқталып, талқыланды. «БК-105»- топ студенттері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жыр шумақтарын мәнерлеп оқыды. «Даланың сыршыл жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

   


Ақынның шығармашылығынан Әбілтай Айнара «Достарым», Төлемісіова Арай «Ауылға барғанда» сынды өлеңдері оқылды. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Саз бөлімі» студенттері Оспанғали Алан «Елім менің», Телмен Досжан «Айналдым елім» атты әндерін орындап берді.
Шара өз мақсатына жетіп, ақын шығармаларына деген оқырмандар қызығушылығын тудыруға мүмкіндік болды.

Оқылды 2716 рет
  • Жұбатқанова Ақтоты
    Од-105

  • Ерланова Жулдызай
    Шт-305

  • Төлеуқара Гүлжаз
    Сб-115

  • Фоменко Елизавета
    Мд-201

  • Онайбергенова Әмина
    Мд-405

  • Мукатова Айнура
    Р-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс