Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні «Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаңашыл ұстаз. Кәсіби маман. Шығармашылық жаңғыру» мамандық онкүндігі аясында «Оқытудың белсенді әдістері арқылы шығармашылықты дамыту» тақырыбында музыка пәнінің оқытушылары Нұржанат Салыкова мен Индира Кенжегалиева коучинг өткізді. Аталған іс-шарада оқытушылардың қатысуымен оқытудың белсенді әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын және сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегиялары көрсетіліп, сабақта пайдаланылған белсенді әдістерді өз тәжірибелеріне тиімді енгізе алу және белсенді әдіс-тәсілдердің маңыздылығын айқындау жолдары көрсетілді.
АГК қыздар құрамасы волейболдан І орынды жеңіп алды «Нұр-Шапағат» қайырымдылық тобының ұйымдастыруымен волейболдан қыздар арасында турнир өтті. Турнирге АГК құрамасы, АСХК құрамасы, Маржанбұлақ орта мектеп құрамасы т.б. командалар қатысты. Ақтөбе гуманитарлық колледжі қыздарынан құралған команда турнирде 8 команда ішінен жүлделі І орынды иеленді. Команда жетекшісі А.Идирисов.
14.02.2019 мамандық онкүндігі аясында «Кітапхана ісі» мамандығының оқытушысы Даулетқалиева Гүлмирам «Инновациялық типтегі ақпараттық ресурстар орталығында оқырмандарға сервистік қызмет көрсету түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
13 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспарымен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Қазақ тілі және әдебиеті» оқытушыларының ұйымдастыруымен «Колледжде білім мазмұнын жаңғыртудағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар-тренинг өтті. Семинарға курс тыңдаушылары, облысымыздағы педагог мамандар даярлайтын колледж оқытушылары қатысып, өзара озық тәжірибелерімен бөлісті. Теориялық бөлімді «Болашағымыз - мемлекеттік тілде» баяндамасымен қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы, директордың оқу-әдістемелік ісі орынбасары Бибигуль Жамекова ашты. Семинарға қатысушылар колледждегі «Әбіш тағылымы» ғылыми-шығармашылық орталық жұмысымен танысты. Ғылыми-шығармашылық орталық жұмысымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, оқу-әдістемелік бірлестік жетекшісі Ляззат Балғазиева таныстырды.
«Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаңашыл ұстаз. Кәсіби маман. Шығармашылық жаңғыру» мамандық онкүндігінің жалғасы ағымдағы жылдың 13 ақпан күні «Қүй шеруі- Домбыра Party» күй қоңырауымен және «Озық тәжірибе-ортақ іс» тақырыбында әдістемелік тақталармен жалғасты. Домбыра Party — қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпы халықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы ұлттық музыкалық аспапты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб. Әр қоңырауда «Мәдениет және саз» бөлімінің студенттері түрлі күй әуендерін домбырада ойнау шеберлігін көрсетті. «Озық тәжірибе-ортақ іс» тақырыбында әдістемелік тақталарда оқу-әдістемелік пәндер бірлестік оқытушыларының оқу -әдістемелік кешендері , әдістемелік құралдары, әдістемелік жинақтары және кәсіби қызметі барысындағы еңбек жетістіктерінің көрсеткіштері Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары жинақталып қойылды.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқу залында Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе мұзбалақ ақын, жыр жүйрігі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш өтті.
2019 жылдың 12 ақпанында Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығымен бірлескен 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 2016-2019 жыл аралығында өткізілген дуалды оқыту экспериментін қорытындылау мақсатында «Дуалдық оқыту жүйесінде мамандар даярлау: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында семинар- практикум өтті. Оған Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығы ТжКББ бөлімінің басшысы Е.Б.Утеулиев, «Айлин» МДҰ меңгерушісі А.Ж.Ақназарова,колледж директорларының оқу- өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары мен әдіскерлер қатысты.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Сенім – менің серігім» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. Тренингке «Бастауыш білім беру» , «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімдерінің білім алушылары белсене қатысты.
Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінің тарих пәні оқытушылары Гулнур Ильясова мен Ербатыр Қалышевтің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану – сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында “Әлемде мейірімділік бар ма?» тақырыбында дебат өтті.
2019 жылдың ақпан айының 8-і күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры» бағдарламалық мақалаларын насихаттауды үшін Қ.Қ Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Арман Бисембаев Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттермен тарих пәні оқытушылары Гулнур Ильясова, Сырым Байдрахманов кездесу ұйымдастырды.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru