«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқытушылары Жайнагул Адилова «ТМД халықтары әдебиеті» пәнінен «Низами Ганжауи өмірі мен шығармашылығы. Хамса шығармалары», Ляззат Балгазиева «Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы» пәнінен «Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі тәлім-тәрбие мәселелерінің жан-жақтылығы, шеберлікпен суреттелуі», Нургуль Аманова «Шетел әдебиеті» пәнінен «Сервантес өмірі мен шығармашылығы», Агипа Мухтарова «Қазіргі қазақ тілі» пәнінен «Үстеу, мағыналық түрлері», Айнур Картанова «Қазақ тілі» пәнінен «Құрмалас сөйлем, оның түрлері» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Оқытушылардың өткізген сабақтарынан колледжде орта білім мазмұнын жаңарту бағытында болашақ педагог мамандардың заман талабына сай білім мен білік алып жатқандығы айқын аңғарылды.
Семинар соңында курс тыңдаушылары және облыс колледж оқытушыларымен Акпатша Алдонгарова, Разия Колганатова тренинг өткізіп, қорытындылады. Курс тыңдаушылары семинардың ұйымдастыруы, мазмұнды өткендігі туралы өз ойларын ортаға салып, ризашылықтарын білдірді.