Сабақтың мақсаты әріптестермен тәжірибе алмасу барысында кітапхана ісіндегі арнаулы пәндерде ақпараттық технологияны пайданаланудың мүмкіндігі мен тиімділігін насихаттау. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, оларды жаңа технологиялардың көмегімен оқырмандарға сервистік қызмет көрсете білу. Сабақ барысында білім алушылар ғаламтор арқылы Google картаны пайдаланып, топқа бөлінді. Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында электрондық интелектуалды ойын өткізілді. Берілген тапсырмалар бойынша білім алушылар «Кабис» автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе бойынша «Каталогизатор», «Оқырман картотекасы» модульдері арқылы қызмет көрсету түрлерімен таныстырды. Сонымен бірге, жаңа модельді кітапханаларды қалыптастыру аясында ұйымдастырылған «Каворкинг», «Монтессори» орталықтарымен таныстыра отырып, оқырмандарға қызмет көрсету ерекшеліктерін бейне жазба арқылы орындады. Орталықтың негізгі мақсаты-әлеуметтік маңызы бар бастамаларды, жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін жастардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру.
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында оқырман мәдениетін қолдау және дамыту мақсатында кітапханадан тыс қызмет көрсету түрлері де таныстырылды. Әдебиеттерді көрнекі насихаттау мақсатында кітап инсталляциясы ұйымдастырылды. Әдебиеттерді көрнекі насихаттау-оқырмандардың әсерлене түсінуі үшін, сан түрлі құралдарды пайдалана отырып, әдебиеттерді насихаттау түрі. Көрмеге библиографиялық шолу жасалды.
Сабақ алдына қойған мақсатына жетті,білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибемен байланыстыра білді.