Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
Лекция концертте өткен ғасырлар үніне тоқталып, біздің ата – бабаларымыздың тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын қарапайым музыкалық аспаптарға арнайы түсінік беріп, олардың ойналу ерекшелігімен, дыбыс әуендерін тыңдатты.
Көне музыкалық аспаптарды бірлестік оқытушылары мен студенттер шебер ойнап, көрермен қошеметіне бөленді.