2019 жылдың 30 қаңтар күні сағат 11: 00-де оқу залында қазақ халқының ұлтжанды ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлттық мәдениет пен әдебиетке жастардың ықыласын арттыру, ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, студенттердің көркемсөзді жатқа, мәнерлеп оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру мақсатында Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасымен оқытушы Разия Қолғанатованың ұйымдастыруымен «Мағжан поэзиясы - мәңгілік мұра» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
Жастар жылы – жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік беретін жыл. Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасымыз «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының тәжірбиесі туралы айтып, «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Айтылған меже бойынша Ақтөбе гуманитарлық колледжі әкімшілігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілімен кездесу өткізді.
Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінің І курс студенттері арасында 2019 жыл «Жастар жылына» және Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай «ЖІГЕРЛІ ЖАС -2019» жалпы білім беретін пәндерден колледжішілік олимпиада өтті. Пәндік олимпиаданың мақсаты – ғылыми білімді насихаттау, дарынды студенттерді анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысатын білім алушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Тоқжанов бекіткен кесте бойынша 2019 жылдың 30 қаңтар күні Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау барысында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының директоры М.О.Миров, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Ақтөбе облысы бойынша филиалының басшысы С.Ә.Садуақасова, жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы М.Кемешев жастармен кездесу өткізді.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 29 қаңтар күні Қамқоршылық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары туралы
2. «Педагог мәртебесі туралы Заң» жобасын таныстыру және талқылау
3. Спорт және акт залының құрылысы туралы.
В Актюбинском гуманитарном колледже состоялась итоговая конференция по фольклорной практике в группе Р-205 в форме защиты проекта «Традиции семейно-бытового уклада русского народа». В период с 14 по 19 января студенты ознакомились с целью и задачами фольклорно-учебной практики: вооружать обучающихся знаниями по устному народному творчеству; формировать умения свободно ориентироваться в проблемах дисциплины.
24 января 2019 года согласно плану работы АФ АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» на базе Актюбинского гуманитарного колледжа состоялся областной семинар-практикум с участием учителей русского языка и литературы «Формирование коммуникативной компетенции обучающихся на уроках русского языка и литературы». Именно применение коммуникативной компетенции на уроках русского языка и литературы создаёт условия для развития интеллектуальной, творчески одарённой, нравственной личности, способной к общению в любом культурном пространстве.
Мемлекет басшысының бастамасымен 2019 жыл - «Жастар жылы» деп жарияланды. Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні сағат 10.00-де Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жастары мен педагог қызметкерлері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен болған «Жастар жылының» салтанатты ашылу салтанатын «Қазақстан» телеарнасынан онлайн бейне конференциясы арқылы тамашалады. Елбасының жалынды сөздері жастарымыздың ойларына қанат бітіріп, бойларына сенімділік ұялатты. Жастар жылында біздің колледж жастарының асар асулары мол екеніне сенім білдіреміз.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАЙЛАНЫС 2019 жылдың 18 қаңтар күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде өткен кеңейтілген ғылыми кеңеске Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Мұстафақызы қатысып, «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» білім беру саласының «Тілдер және әдебиет» даярлау бағытының «Филология» мамандарын даярлауда заман талабына сай білік беріп, қажетті құзіреттілікті қалыптастыруда «Қазақ әдебиетін оқытудың интерактивтік-модульдік технологиясы» пәнін енгізу бағытындағы мәселе талқыға салынды.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша құжаттармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері. «Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес Ақтөбе гуманитарлық колледжінде жаңартылған білім беру мазмұнын игеру бойынша химия және өзін-өзі тану пәндерінің оқытушысы Нұрбол Тоқсанбаев «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша құжаттармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru