Сәрсенбі, 06 Ақпан 2019 05:34

Мағжан поэзиясы - мәңгілік мұра

2019 жылдың 30 қаңтар күні сағат 11: 00-де оқу залында қазақ халқының ұлтжанды ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлттық мәдениет пен әдебиетке жастардың ықыласын арттыру, ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, студенттердің көркемсөзді жатқа, мәнерлеп оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру мақсатында Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасымен оқытушы Разия Қолғанатованың ұйымдастыруымен «Мағжан поэзиясы - мәңгілік мұра» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. 

   


Кеш барысында колледжіміздің математика және ақпараттық жүйелер бөлімінің 1- курс студенттері ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Жастар арасында ақындық өнерін шыңдап, поэзия саласында өлең жазып, жеке шығармашылығын ұсынып жүрген колледжіміздің жас ақындар үйірмесінің мүшесі МК-115 тобының студенті Әшір Ұлжан өзінің ақынға арнаған арнауын оқыды. Ақынның «Бәрінен де сен сұлу» өлеңіне жазылған әнді СБ- 415 топ студенті Тельман Досжан баянмен нақышына келтіріп орындады. «Мағжан поэзиясы - жан жүрек поэзиясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Кеш соңында Сб-415 топ студенттері Жаңабаев Нұртай, Сағынов Нұрладин «Бір ел болса» әнімен аяқталды.

   

Оқылды 2923 рет
  • Алдекова Маншук
    Мк-105

  • Тұрманова Қаламқас
    Мд-215

  • Қайдасов Жасұлан
    Мк-105

  • Нұрғалиева Ақбота
    Ктх-205

  • Шалабаева Динара
    Бк-315

  • Тәңірбергенова Гүлбану
    Мд-320

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс