Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш.Жиенкулова колледжде құқық бұзушылықтарды болдырмау мәселелері бойынша жасалған жұмыстарға тоқталды. Сонымен бірге, қоғамдық және әлеуметтік ұйымдармен жиі кездесулер, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізілгенін және ата-аналармен тығыз байланыста жүргізілген жұмыстарды атап айтты.
Екінші мәселе бойынша сөз алған директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Жамекова «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасымен және ұсыныстармен таныстырды. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс екенін, осы мәселеге байланысты веб-ресурстарда арнайы айдар ашылып, бұрыннан бар және жаңа түскен ұсыныстар талқылануда екенін айтты.
Үшінші мәселе бойыннша колледж директоры Е.Ғ.Нұрғалиев қамқоршылық кеңес құрамына ақпарат берді.
Қамқоршылық кеңестің кеңейтілген отырысына кеңес төрайымы №30 мектеп директоры Ж.У.Терекова, кеңес мүшелері Ақтөбе облысысының маслихат депутаты Д.А.Довматенко, ЖШС «Балақай» басшысы Н.Г.Каюдина, зейнеткер, ата-ана Л.И.Шекунова, "Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық" маманы Т.Жақыпов жоғарыдағы мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.