Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтікэкономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» онкүндігіні аясында биология және география пәні оқытушылары Света Құдайберген мен Ботагөз Жаркаеваның ұйымдастыруымен «Бастауыш кластарда жаратылыстану, дүниетану пәндерін оқыту ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Онкүндіктің жоспарына сай ағымдағы жылдың 30 қараша күні МК105 тобында дене тәрбиесі пәнінен Кадиркулов Жомарт «Баскетбол. Екі қолмен айып добын лақтыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты - студенттерге баскетбол ойыны кезінде екі қолмен айып добын лақтыру әдістерін меңгерту.
А.Ж.Асауовтың «Волейбол. Допты ойынға қосу, допты қабылдау әдістері» тақырыбындағы ашық сабағы «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» атты «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтікэкономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің онкүндігі аясында 29.11.2018ж дене тәрбиесі пәні оқытушысы Асауов Асқар «Волейбол. Допты ойынға қосу, допты қабылдау әдістері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Атаулы мереке күні Шығармашылық академиясы алаңында Ақтөбе гуманитарлық колледжі ұжымының "Ұлтын ұлықтаған – ұлы тұлға" атты мерекелік шарасы өтті.
Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік-экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінің «Оқу мен оқытудағы –жаңашылдық-жетістік көзі» тақырыбында мамандық онкүндігінің жоспарына сай АӘД пәні оқытушысы Болат Тайпақовтың «Автоматты бөлшектеу және жинау», Мейрамбек Умбеттің «Осы заманғы шет мемлекеттер әскерлерінің жаппай жою қаруы» тақырыптарында ықшам сабақтары өтті.
2018 жылдың 21 қараша күні жарыққа шыққан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау, түсіндіру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы талдау және мониторинг бөлімі басшысы Айдосов Бақыт Сағидоллаұлы және «Парасат-Ғылым» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық ақпараттық топ мүшесі Ахметов Көшкінбай Нұрмағамбетұлы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студент жастарымен кездесті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2018 жылдың 27 қарашасы күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік-экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық – жетістік көзі» тақырыбындағы онкүндік аясында семинар-практикум өтті. Семинар-практикум тақырыбы: «Колледжге бейімделген қысқа мерзімді жоспар дайындаудың әдіс-тәсілдері». Семинарды химия пәні оқытушысы Н.Т.Токсанбаев, тарих пәні оқытушысы Г.М.Нурманов, биология пәні оқытушысы М.С.Сейтен өткізді.
Ағымдағы жылдың 26 жұлдызы күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтікэкономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» тақырыбында мамандық онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Онкүндіктің мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту бағытында оқыту мен оқудың заманауи әдістерін педагогикалық шеберлік тұрғыда көрсете отырып, қолдану аясын кеңейту, тиімділігін арттыру.
2018 жылдың 13 қараша күні «Қазақ тілі және әдебиеті» және « Математика және физика» оқу – әдістемелік бірлестіктерінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Наменова Гүлсім Жұматайқызы «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту үдерісіндегі саралап оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты: Саралап оқытудың әдіс-тәсілдерін білудің маңыздылығы туралы пікірлесу, тәжірибеде қолдану жолдарын үйрету, әріптестерге әдістемелік көмек ұсыну арқылы кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын қарастыру.
Ел Президентінің «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасын наихаттау барысында өткізілген «Мұрагер – өнер өрісі» атты ғылыми-шығармашылық орталығының жұмысы
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru