Жұма, 11 Қаңтар 2019 07:32

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту үдерісіндегі саралап оқытудың әдіс-тәсілдері

2018 жылдың 13 қараша күні «Қазақ тілі және әдебиеті» және « Математика және физика» оқу – әдістемелік бірлестіктерінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Наменова Гүлсім Жұматайқызы «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту үдерісіндегі саралап оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты: Саралап оқытудың әдіс-тәсілдерін білудің маңыздылығы туралы пікірлесу, тәжірибеде қолдану жолдарын үйрету, әріптестерге әдістемелік көмек ұсыну арқылы кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын қарастыру.

Коучинг елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Бәсекелік қабілеттілік» және «Білімнің салтанат құруы» аспектілеріне шолу жасап, «Қазіргі таңда әрбір маманның өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады» дей келе, оқытушыларды мамандық бойынша топқа бөлді.

Коучинг барысында оқытушылар саралап оқытудың әдіс – тәсілдері мен оны қолдану жолын үйрене отырып, саралап оқытудың әдіс- тәсілдеріне тапсырмалар құрастырды және қысқа мерзімді жоспарда саралаудың түрлерін жоспарлау талқыға салынды. Коучингте білім беру ғылыммен, өмірмен, тәжірибемен байланыстырылды. Коуч «Бағытталған оқу», «Дейін-кейін» әдістерін тиімді қолданып, таңдалып алынған көрнекіліктері проблемалық оқыту талаптарына сай болды. Коучинг соңында қатысушылар коучингтің жоғары және қызықты деңгейде өтіп, болашақта саралап оқытудың әдістерінің жолдарын игеруге мүмкіндік алғандарын ризашылықпен атап өтті.

Оқылды 3126 рет
  • Идиятулина Рустина
    Бк-301

  • Әшір Ұлжан
    Мк-215

  • Тургунова Карина
    Р-405

  • Сапарғали Мерует
    Мк-205

  • Жұмағазина Санзият
    Мд-315

  • Асылбекқызы Тұмар
    Бк-305

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс