Ашық сабақтың мақсаты - студенттерге волейбол ойыны кезінде допты ойынға қосудың, допты қабылдаудың әдістерін меңгерту.
Сабақ барысында дене қыздыру, жалпы денені дамыту, арнайы жүгіру және допты ойынға қосу, қабылдау техникаларына арналған жаттығулар жүргізіліп, топты екі командаға бөліп, үйренген тәсілдер волейбол ойыны арқылы бекітілді. Сабақ соңы оқытушының талдау жасауымен және студенттерді бағалауымен аяқталды.
Оқытушының кәсіби шеберлігінің нәтижесінде сабақ барысында студенттердің белсенділіктері жоғары болғандығын атап өткен жөн.