Ақтөбе облыстық білім басқармасы және Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының бірлескен жоспары бойынша кездесу барысында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын көпшілікке түсіндіру, алдағы мақсаттарға жету жолы айтылды. Б.Айдосов мақаланың осы уақытқа дейін жарық көрген бағдарламалардың жалғасы екендігіне тоқталып, облыста жүзеге асырылып жүрген шараларға тоқталды.
Көшкінбай Нұрмағамбетұлы өсіп келе жатқан ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, тәуелсіздікті, рухани құндылықтарды насихаттауға ықпал ететін, жас ұрпақтың мәдени және рухани мұраға деген қызығушылығын арттыратын құнды мақала - тың бастамалардың бастауы екенін айтты.
Елбасы мақаласын колледж жастарына насихаттай отырып, ұлттық болмысымызды сақтауға, тарихымыз арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге бағытталған жұмыстар жалғаса береді.