Семинар-практикум басында Мереке Садықұлы оқытушылардың арасында жағымды атмосфера орнауы үшін амандасуға арналған сергіту сәтін өткізді. Ол үшін семинарға қатысушылар бір-бірімен әр халықтардың сәлемдесу дәстүрлері арқылы амандасты.
Семинар-практикумның мақсаты мен жоспары таныстырылып, семинарға қатысушылар 3 топқа бірікті:
«Жаратылыстану-математикалық пәндер» тобы
«Гуманитарлық-лингвистикалық пәндер» тобы
«Арнаулы пәндер» тобы
Нұрбол Төребайұлы мектептегі ҚМЖ құру мен колледжіміздегі ұсынылған ҚМЖ құру ерекшеліктеріне нақты тоқталып өтті. Сабақтың басында қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы Ғайса Меңдібайұлы өз тәжірибесімен бөлісті. Топтармен бірлесіп «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісін өткізді.
Жаңартылған білім мазмұнында кең қолданылатын әдіс-тәсілдерге Нұрбол Төребайұлы тоқталып өтті. Сонымен қатар семинарға қатысушылармен бірге «DEAL» әдісін қолданып, тапсырмалар орындады.
Семинардың практикалық бөлімінде оқытушылар өздеріне берілген материалдарды қолдана отырып колледжге бейімделген қысқа-мерзімді жоспарлардың үлгілерін жасады және талдады.
Сабақтың соңында қолданылатын әдіс-тәсілдердің бірі - «Бөлмедегі заттар» әдісін Ғайса Меңдібайұлы семинарға байланысты рефлексия жасау үшін қолданды. Семинарға қатысушылар бөлмедегі заттар атынан сөз сөйлеп қорытындылады және өздері алған әсерлерімен бөлісті.