13 пән бойынша 84 студент білім бәсекесіне түсіп, өз білімдерін сарапқа салды. Студенттер білімін бағалау үшін әділ-қазы алқасы ретінде Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінен ғылымның әр бағытынан 10 ғалым мен магистр, колледж оқытушылары мен әлеуметтік серіктес ретінде №30 қазақ орта мектебінен мұғалім шақыртылды. Олимпиада қорытындысы бойынша 10 студент - І орынды, 13 студент –ІІ орынды және 13 студент – ІІІ орындарды иеленді. Жүлделі орын алған студенттер арнайы дипломмен марапатталып, қатысқан студенттерге арнайы сертификаттар берілді. Жүлделі орын иеленген студенттерімізді құттықтап, облыстық деңгейде жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектеспіз!