Кездесу барысында ақпараттық топ мүшелері Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша тың ақпараттармен бөлісіп, мақала мәдени-рухани салаға тың серпіліс әкелгендігін және ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғыртуға, әсіресе жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату керектігін айтты.Саида Әсетқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясында жас буынға ой-сананы өзгерту арқылы, шет тілдерін меңгеру, бәсекеге қабілетті болу, сандық технологияларды қолдануға ұмтылуға шақырды. Жастар жылында студенттерден жаңа идея, қоғамға пайдалы жобалар күтетінін айтты.