Семинардың мақсаты - оқытушылармен бірлесе отырып жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс жүргізуге қажетті құжаттарды табу, ажырату, жүйелеу және қолдануды меңгеру. Қатысушылар екі топқа бөлініп, ЖББМ бойынша құжаттарды іздеу, табу, реттеу, жүйелеу және қолдану әдістерімен танысып, топтық жұмыстар орындап, оларды топтар дескриптор арқылы өздерін бағалады. Сонымен қатар интернет ресурстар арқылы құжаттармен жұмыс жүргізуді қаншалықты игергендерін сауалнама арқылы анықтады.
Іс-шара соңы мақсатына байланысты қойған критерийлері бойынша жалпы баға беріп қорытындыланды.