Ақтөбе гуманитарлық колледжінде "Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы" тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті оқу-әдістемелік бірлестігінің мамандықонкүндігі аясында "Мектептегі дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының «Мд-115»- тобында "Мәнерлеп оқу" пәнінен Нургуль Бакытжановнаның ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті.
       Сабақ барысында оқытушы "Алдын ала берілген атаулар", "Өрмекші торы", "Жеңілдетілген анықтама" немесе "Түсіндірме" және "Сұрақты қағып ал!" т.б.оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін шеберлікпен қолдана білді.
       «Кідіріс, оның түрлері» тақырыбында кідіріс, оның түрлері туралы теориялық білім беріліп, практикалық жұмыстармен бекітілді. Білім алушылар тыныс алу жаттығуларын жасап, шығарма мәтіндеріне кідіріс түрлерін қойып, мәнерлеп оқуға машықтанды. Болашақ балабақша мамандары балаларға шығарма оқып беруде кідіріс қойып оқи білудің маңызын білді. Студенттердің сабақ үстіндегі белсенділігі жоғары болды.
Оқытушы Н.Б.Аманованың өткізген сабағынан әріптестерінің үйренері мол болды.

             

Бөлім:  Жаңалықтар

     Колледжде 3 ақпан күні кәмелетке толмаған жасөспірім қыз балалар арасындағы ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында «Қуаныш» клиникасының жалпы практикалық дәрігері С.Нурымовамен ZOOM форматында кездесу өтті. Кеш барысында дәрігер ерте жүктіліктің салдары, оның келешектегі қауіп-қатері, қыз баланың денсаулығына, психикалық жай-күйіне тигізер кері әсері туралы айтылды. Кездесуге қатысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жиенкулова, колледж ұстаздары, топ кураторлары Р.Шаңғалаева, Г.Кариналар студенттердің басты мақсаты - білім алу, кәсіби маман болу екенін айта келіп, тәртіп және тәрбие туралы ақыл-кеңестерімен бөлісті.

 

Бөлім:  Жаңалықтар

        2021 жылғы 2 ақпан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жиенкулованың ұйымдастыруымен күндізгі оқу топтарында білім алатын 1 курс студенттері мен жатақханада тұратын студенттерге кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі колледж инспекторы А.Т.Мирзакельдиевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттердің құқықтары мен міндеттері, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары, сонымен қатар колледждің ішкі тәртіп ережелері, студенттердің ар-намыс кодексі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бөлім:  Жаңалықтар

        «Жаңартылған білім мазмұны –заман талабы» мамандық онкүндігі аясында 2021 жылдың 01 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелік бірлестік оқытушысы Балгазиева Ляззат Танатаровна қазақ әдебиеті пәнінен Жарасқан Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында ақпараттық-коммуникациялық технология мүмкіндіктері кеңінен қолданылып, автордың өмірі мен шығармашылығы бейне жазба арқылы көрсетілді.
        Сабақта жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдерді – «Миға шабуыл», «Шеңбер»,«Серпілген сауал» әдістерін қолдана отырып, поэманың көркемдік ерекшелігіне талдау жасалды. Студенттермен кері байланыс жасалып, чек- парағы критерийлеріне сәйкес бағаланды.
        Сабақ мақсаты бағалау критерийлеріне орай алынып, сабақ мазмұнында көрініс тапты. Сабаққа қатысушылар тарапынан алары мен үйренерлері мол болғандығы айтылды.

         

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 04 Ақпан 2021 06:44

Кәсіптік бағдар беру – 2021

       Ақтөбе гуманитарлық колледжі Ақтөбе облысының білім басқармасының бекітілген кестесіне сәйкес 2021 жылдың 1 ақпаны күні аудандық білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларымен «Кәсіптік бағдар беру -2021» тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырды. Аталған шараны директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Баянов және қабылдау комиссиясының жауапты маманы Е.Қалышев кәсіптік бағдар беру бағытындағы онлайн кездесуді екі лекте өткізді.
       Кездесуге Әйтеке би, Ырғыз, Байғанин, Ойыл, Темір, Хромтау және Алға, Мұғалжар, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Шалқар аудандарынан 200-ге жуық мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында Ақтөбе гуманитарлық колледжі туралы бейнеролик таныстырылып, 2021-2022 оқу жылына қабылдау жүргізілетін мамандықтар туралы нақты мәліметтер беріліп, құжаттар тізбесі мен оқуға қабылдаудың жүзеге асырылу жүйесі түсіндірілді. Сонымен бірге колледждің материалдық-техникалық базасы, жатақхана, оқу платформалары, әлеуметтік желідегі парақшалары туралы ақпараттар берілді. Кездесу соңында мектеп оқушыларымен сұрақ-жауап форматында сұқбаттар жүргізілді.

              

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 04 Ақпан 2021 06:27

ХХІ облыстық спартакиада

Ақтөбе-Дарын өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында ХХІ облыстық спартакиадада үстел теннисі жарысынан Ақтөбе гуманитарлық колледжі жүлделі І орын иеленді. Команда жетекшісі, дене тәрбиесі пәні оқытушысы А.Идирисовті және команда мүшелерін құттықтаймыз, спорт саласында жеңістеріңіз көп болып, биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!

Бөлім:  Жаңалықтар

     Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №180 бұйрығының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.

2020-2021 оқу жылының ІІ жартыжылдығы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан, мүгедек және бала кезінен мүгедек студенттер үшін төмендегі көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша құжаттар жинақтау жалғасуда;

Құжаттар тізбесі

Белгіленген нысандағы өтініш;

туу туралы куәлік-көп балалы отбасылардың балалары үшін;

қорғаншылықтағы (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;

мүгедектігі туралы анықтамалар-мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы-даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;

өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтамалар-атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;

табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар)-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.

Ескерту: Құжаттарыңызды  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  электрондық поштасына жолдайсыздар.  Құжаттарыңыз арнайы құрылған комиссия тексерісінен өтілген кезде ғана тегін тамақтандыруға ұсынылады, тегін тамақтандыру қаржылай түрде жеке есеп-шоттарыңызға жіберіледі.

Әлеуметтік педагог: Ыбраймова Ардак Юсуповна

Байланыс тел: 8(702) 2524682

Бөлім:  Жаңалықтар

      ЧАС КОЛЛЕКТИВНОГО ТВОРЧЕСТВА
     28 января 2021 года на базе Актюбинского гуманитарного колледжа совместно с Актюбинским областным научно-практическим центром состоялся областной семинар-практикум «Организация работы с текстом на уроках профессионального русского языка». Цель семинара – оказание практической помощи преподавателям русского языка и литературы ТиПО в эффективной организации самостоятельной работы с текстом и формировании основ смыслового чтения у обучающихся в учебном процессе.
     Работа семинара была проведена преподавателями Актюбинского гуманитарного колледжа в 3 этапа: Абдуллиной Г.Е.(этап предтекстовой работы), Еркебаевой Г.Т. (этап текстовой деятельности), Бисемалиевой Б.Б.(этап послетекстовой деятельности). Практическая работа осуществлялась в коллективной, индивидуальной и групповой форме с применением различных методов и стратегий. После выполнения заданий каждого этапа участникам семинара был представлен разработанный чек-лист.
     В преддверии 100-летнего юбилея в нашем колледже проводятся различные виды работ: внеклассные мероприятия, публикации статей об истории колледжа, ветеранах педагогического труда, достижениях лучших преподавателей и студентов. А на уроках профессионального русского языка преподаватели предлагают обучающимся разные виды текстов о славной истории колледжа, о замечательных педагогах, выпускниках разных лет. Главное, нужно сохранить память, преемственность поколений. Ведь память священна.
     Формат семинара «Час коллективного творчества» дал возможность участникам семинара применить свои профессиональные знания в практической деятельности, выстроить смысловую цепочку, сравнить применяемые способы и методы.

Бөлім:  Жаңалықтар

    «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысы аясында колледж студенттеріне «Пікір-сайыс ойындарын өткізудің ережелері мен кеңестері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Студенттердің интеллектуалды дамуына көңіл бөлуге көзделген кеште белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы және қоғамда дұрыс саяси бағдарларды таңдаудағы дебаттық турнирлердің әсері жайлы айтылды. Осы орайда жастардың шығармашылық белсенділігі мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, олардың өз ұстанымын, шешендік шеберлік дағдыларын, толерантты диалог жүргізе білуін қалыптастыру мақсатында колледжішілік «Ақиқат» пікірталас клубы құрылды. Құрамы студенттермен жасақталып, клубтың мақсат-міндеттері мен жоспарлары талқыланды.

Бөлім:  Жаңалықтар

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «30 қайырымды іс» акциясы аясында колледжіміздің «Мейірім» еріктілер тобы жалғыз басты қала тұрғыны Валентина әжейдің үйіне барып, аула қарын тазалап, көмек көрсетті. Колледж студенттерін алдағы уақыттағы қайырымдылық акцияларына өз үлестерін қосуға шақырамыз.

#Тәуелсіздікке30жылАқтөбе #BIZBIRGEMIZ #АГК #Мейірімеріктілертобы

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 17 of 47
  • Анарбек Аиша
    Бк-205

  • Пастух Виктория
    Бк-401

  • Сафарғали Айкөркем
    Мк-305

  • Мукатова Айнура
    Р-405

  • Идиятулина Рустина
    Бк-301

  • Асылбекқызы Тұмар
    Бк-305

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс