Ақтөбе гуманитарлық колледжінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, ынтымақтастық және қысқа мерзімде дұрыс шешімді қабылдай отырып, стресске орнықтылық дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Ой - LIKE» интеллектуалды-зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша «СБ-115» және «Мейірім» топтары - ІІІ орын, «ШТ-106» тобы – ІІ орын, «Мерген» тобы – І орындарға ие болды.
Қатысқан топ студенттеріне өз алғысымызды білдіреміз!

 
Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 20 Қаңтар 2021 16:45

Ата-аналарға кеңес

      Жасөспірімдердің психикалық денсаулығының мықты болуы, әр отбасындағы тәрбиеден басталады. Құрметті ата-аналар, назарларыңызға бала тәрбиесіне жағымды әсерін тигізетін,пайдалы кеңестер ұсынамыз:
«Сын»естіп өскен бала-біреуді кінәлауға бейім.
«Өшпенділікпен» өскен бала – күресуді үйренеді.
«Ашумен» өскен бала- ренжітуді үйренеді.
«Түсініспеушілікпен» өскен бала – өзгелерді тындамауды үйренеді.
«Алдаумен» өскен бала – өтірік айтуды үйренеді.
«Ұятпен»өскен бала-өзін кінәлі сезінуді үйренеді... өсе келе,тек мықты тұлғалар ғана бұл шеңберді бұза алады.

«Қолдаумен» өскен бала – қорғауды үйренеді.
«Мақтаумен» өскен бала –өзіне сенімді болуға үйренеді.
«Адалдықпен» өскен бала –әділ болуға үйренеді.
«Қауіпсіздікте»өскен бала – сенуді үйренеді.
«Мақұлдаумен»өскен бала – өзін құрметтеуді үйренеді.
«Махаббатпен» өскен бала – сүюді және махаббатты сыйлауды үйренеді.
«Таңдау» еркіндігімен өскен бала – өз шешімдеріне жауапты болуға үйренеді,... тек осындай ғана тәрбие – бақытты өмірдің негізі.
Ребенок,окруженный критикой –учится обвинять.
Ребенок,окруженный враждебностью – учится бороться.
Ребенок,окруженный злостью – учится причинять боль.
Ребенок,окруженный непониманием – учится не слышать других.
Ребенок,окруженный обманом – учится врать.
Ребенок,окруженный позором – учится чувствовать вину,..и,вырастая,только сильные могут разорвать этот круг..
Ребенок,окруженный поддержкой – учится защищать.
Ребенок,окруженный похвалами – учится быть уверенным.
Ребенок,окруженный честностью – учится быть справедливым.
Ребенок,окруженный безопасностью – учится доверию.
Ребенок,окруженный одобрением – учится уважать себя.
Ребенок,окруженный любовью – учится любить и дарить любовь.
Ребенок,окруженный свободой выбора – учится быть ответственным за свои решения,.. и только такое воспитание фундамент счастливой жизни.

Колледж психологтары:
Сатаева А.Е (87776965330)
Абдуллина Н.К(87717839229)
 
Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 14 Қаңтар 2021 15:00

«Парасаты биік жемқорлықсыз қоғам»

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 14 қаңтар күні «Парасаты биік жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында Ақтөбе облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Каумешов Бекзат Болатұлымен онлайн кездесу өтті. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу, адал, парасатты қоғам орнатудың қағидаттары айтылды. Кеш барысында колледж студенттері пікір алмасып, өз шығармашылықтарымен бөлісті. Кеш қонағына өз алғысымызды білдіреміз, саналы ұрпақ біздің болашағымыз!

   

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 30 Қараша 2020 15:04

АБАЙ МҰРАСЫ-ХАЛЫҚ ҰЛАҒАТЫ

АБАЙ МҰРАСЫ-ХАЛЫҚ ҰЛАҒАТЫ
(Абай Құнанбайұлының 175жылдық мерейтойына орай)

     Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.
     Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 25 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасы және №6 Қарғалы селолық «модельді» кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, аудармашы Абай Құнанбаевтың–175 жылдығына орай, «Абай мұрасы-халық ұлағаты» тақырыбында онлайын кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге халық данышпанының өмірін, шығармашылығын насихаттайтын құнды дүниелер қойылды.
Мақсаты: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы мәлімет бере отырып, ақынның даналығын, асыл мұрасын насихаттау, құрмет ету, өнегелі өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, 175 жылдық мерейтойын тойлауға ат салысу, студенттенерімізді адамгершілікке, өнерге, әдебиетке баулу.
     Осындай өмірге қайта келмес данышпаны бар халықтың қашан да білім көкжиегі кең болары хақ. Ең бастысы өзіміздің ғұлама, данагөй тұлғаларымызды біліп жүргеніміз жөн.
     Абайдың философиясы мен даналығы – қазақ халқының философиясы. Ақынның рухани мұрасы жыл сайын бүгінгі күннің өзекті мәселелерінде жаңа қырымен ашылып келеді. Абайдың армандары мен оның еңбектері темірқазық секілді қазақстандықтардың барлық болашақ ұрпақтарын даму мен жасампаздыққа жетелейді.

  

  

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 30 Қараша 2020 07:03

Ерікті болу - ерлік

     «Мұрагер» еріктілер тобының мүшелері, өз қорлары атынан әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы жанұяға ұялы телефон тарту етті. Волонтерлардың біріге жасаған жақсылығы бір отбасы мүшелерін шаттыққа бөледі, әсіресе қашықтықтан оқитын мектеп жасындағы балаларға үлкен жеңілдік болғандығы сөзсіз. Біз біргеміз!

Бөлім:  Жаңалықтар

     "Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті" жобасына қатысып, облыстық деңгейге өткен Шт-405 топ студенттері Нұрланқызы Зарина, Нышан Ақмарал, Мк-315 топ студенті Әшір Ұлжан, Мк-205 топ студенті Қайдасов Жасұланды Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысы Л.Уразбаева алғыс хатпен марапаттады. Жетекшілерді, студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз, алар асуларыңыз биік болсын! 

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 15 Қаңтар 2021 06:28

"Таза әлем" жобасы

     Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Таза әлем" жобасы аясында колледжішілік "Мейірім" волонтерлар тобының атынан қатысқан Бк-110 топ студенттері Аманбаева Марина, Қуанова Мәдина, Хасен Айшолпан жүлделі ІІ орынға ие болды. «Таза әлем» жобасының мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету болып табылады.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     Халықаралық студенттер күніне арналған онлайн концерт барысында колледж ұстаздары тілек-лебіздерін білдіріп, өнерлі студенттер ән-шашуларын арнады. 
     Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жалынды жастарын және биылғы оқу жылында колледж табалдырығын алғаш аттаған І курс студенттерін мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Ата-ана үмітін ақтап, ұстаздардың ақыл-кеңестерін жадыңызда ұстап, ілім-білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі - болашақ маман иелері болуларыңа тілек білдіреміз!

      

Бөлім:  Жаңалықтар

     «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XVІ еңбек маусымының жабылу салтанатында "Мектепке дейінгі тәрбие" мамандығының ІІІ курс студенті Әкімова Арайлымның еңбек жасағында белсенділік танытып, туған жерді көркейту мен абаттандыруда қосқан үлесі үшін Нұр-Сұлтан қаласына жолдама табыс етілді. Студентімізге сәт сапар тілейміз! Барша жастарды келесі Жасыл ел маусымына белсене қатысуға шақырамыз!

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 22 Қазан 2020 05:33

«Мен-тәлімгермін!» онлайн-акциясы

     Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының волонтерлері арасында «Мен-тәлімгермін!» онлайн-акциясына қатысқаны үшін Р-315 топ студенті Мұханбетқалиева Гүлзат ҚР Білім және ғылым вице-министрлігі Алғыс хатымен марапатталды.

Құттықтаймыз!

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 18 of 47
  • Пастух Виктория
    Бк-401

  • Мұратова Әсем
    Мк-105

  • Амангос Мадина
    Мд-315

  • Алдекова Маншук
    Мк-105

  • Әлібекова Сымбат
    Мд-315

  • Тәңірбергенова Гүлбану
    Мд-320

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс