Бейсенбі, 04 Ақпан 2021 06:44

Кәсіптік бағдар беру – 2021

       Ақтөбе гуманитарлық колледжі Ақтөбе облысының білім басқармасының бекітілген кестесіне сәйкес 2021 жылдың 1 ақпаны күні аудандық білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларымен «Кәсіптік бағдар беру -2021» тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырды. Аталған шараны директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Баянов және қабылдау комиссиясының жауапты маманы Е.Қалышев кәсіптік бағдар беру бағытындағы онлайн кездесуді екі лекте өткізді.
       Кездесуге Әйтеке би, Ырғыз, Байғанин, Ойыл, Темір, Хромтау және Алға, Мұғалжар, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Шалқар аудандарынан 200-ге жуық мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында Ақтөбе гуманитарлық колледжі туралы бейнеролик таныстырылып, 2021-2022 оқу жылына қабылдау жүргізілетін мамандықтар туралы нақты мәліметтер беріліп, құжаттар тізбесі мен оқуға қабылдаудың жүзеге асырылу жүйесі түсіндірілді. Сонымен бірге колледждің материалдық-техникалық базасы, жатақхана, оқу платформалары, әлеуметтік желідегі парақшалары туралы ақпараттар берілді. Кездесу соңында мектеп оқушыларымен сұрақ-жауап форматында сұқбаттар жүргізілді.

              

Оқылды 971 рет
  • Смагулова Гулсая
    Шт105

  • Әлуова Гүланар
    Шт-305

  • Әшір Ұлжан
    Мк-215

  • Есенгельдинова Мирамгүл
    Кт-105

  • Әбуталиева Айзат
    Бк-315

  • Асылбекова Рауза
    Бк-305

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс